Русский
Қазақша

МегаШанс 2020

Басталуына дейін:

0күн
0сағат
0минут
0секунд

«МегаШанс» - бұл оқудың барлық кезеңіне AlmaU-да оқуға 100% грант немесе жеңілдік ұтып алудың мүмкіндігі. 2005 жылдан бастап Almay жыл сайын талапкерлер үшін олимпиада өткізеді.


Тіркелу

КОНКУРС КЕЗЕҢДЕРІ:

Электронды тіркелу

1 тур: Видео-эссе

AlmaU Promotion

Финалдық кезең «AlmaU Entrance Exam»

"МегаШанс-2020" олимпиадасына қатысу шарттары»


Тіркелу



  1. "МегаШанс-2020" олимпиадасына қатысу үшін міндетті түрде барлық қатысу ережелерін орындау және олимпиаданың барлық кезеңдерін/турларынан өту қажет: 1. Электрондық тіркеу, 2. Бейне-эссе, 3. Шығармашылық байқау "AlmaU Promotion", 4. "AlmaU Entrance Exam" финалдық іштей туры.
  2. Олимпиаданың финалдық кезеңі 2 - 3 мамырда онлайн түрде өтеді.
  3. Олимпиадаға қатысуға алдын ала электронды тіркеуден және Олимпиаданың алғашқы екі турынан өткен 2020 жылғы мектеп және колледж түлектері жіберіледі.
  4. Тестілеу нәтижесі бойынша (қаңтар, наурыз, маусым, тамыз) гранттар мен жеңілдіктер ҰБТ өту балын 80 ұпайдан төмен емес, ТКТ тестілеудің біреуінің нәтижелері бойынша 40 ұпайдан төмен емес (қаңтар, наурыз, маусым, тамыз), колледж түлектері үшін ішкі емтиханда 60 ұпайдан төмен емес. жинаған жағдайда жарамды және беріледі.
  5. Олимпиада алдағы уақытта оқу бөлімі жоспарланып отырған тілде (қазақ-қазақ, орыс-орыс, ағылшын-ағылшын) өтуі қажет.
  6. Олимпиадада жеңіске жеткен жағдайда жеңімпазға AlmaU-да бакалавриат бағдарламасы бойынша оқу үшін мектеп секциясынан бір мамандықты таңдау мүмкіндігі беріледі (ҰБТ/КТ-де бейіндік пәндер бірдей болған жағдайда).
  7. Жеңімпаздар олимпиаданың конкурстық комиссиясымен анықталады. "AlmaU Entrance Exam" күндізгі турдың қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған қатысушылар жеңімпаз деп танылады. Нәтижелер 2020 жылдың мамыр айында университеттің ресми сайтында жарияланады.
  8. Гранттар мен жеңілдіктер университеттің ішкі гранттары мен жеңілдіктері туралы Ережеге сәйкес академиялық үлгерім (GPA) талаптарын сақтаған жағдайда 4 жылға сақталады.

Өткізу күні

Конкурстың кезеңдері Күні
Олимпиадаға қатысу үшін электронды тіркеу 11 ақпан – 22 сәуір 2020
Видео-эссе: белгілі бір тақырыпты ашып, Instagram профилінде алғашқы 2 онлайн-тур тапсырмаларын орындау 22 наурызға дейін 22 сәуір 2020 дейін
Олимпиаданың финалдық кезеңі онлайн түрде өтеді. 2 - 3 мамыр 2020
Конкурс комиссиясының жұмысын тексеру мамыр 2020
Олимпиада нәтижелері, жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімін жариялау мамыр 2020

1 ТУР : ВИДЕО-ЭССЕ (Онлайн-тур)

Instagram профилінде қысқа роликті орналастыру.

  1. Ұсынылған тақырыпты таңдап, бейне-эссе түсіру қажет:
    • а) Әлеуметтік желілердің біздің өмірімізге әсері.
    • б) Қандай студент боламын?
    • в) Ертеңгі күннің көшбасшысы.
    • г) Мен өз қаламда нені өзгерткім келеді?
    • д) Менің арманымдағы мобильді қосымша.
  2. Instagram парақшаңызда #МегаШанс2020AlmaU хэштегін қолданып бейнені жүктеу
  3. @almau_edu ресми университет Instagram парақшасын белгілеу

Тех. талаптар: бейне ұзақтығы 30-дан 90 секундқа дейін, көлденең түсіру

Бағалау критерийлері: тақырыпты ашу, ақпаратты жеткізу деңгейі, креативтілігі, техникалық орындалуы.

*Ескерту: видеоэссе тілі сіз түсуді таңдаған тіл бөліміне сәйкес келуі тиіс.

2 ТУР : (Онлайн-тур)

Change AlmaU

  1. " AlmaU-да мен не өзгертер немесе не енгізер едім" тақырыбында Instagram-да жарияланымды орналастыру

    Жарияланым форматын қатысушының өзі анықтайды: Видео, фото, сурет, өлең, ән және дизайн.

    Бұл тур қатысушының барлық шығармашылық әлеуетін көрсетуге мүмкіндік береді.

  2. Instagram парақшаңызда #ChangeAlmaU хэштегін қолданып бейнені жүктеу
  3. @almau_edu ресми университет Instagram парақшасын белгілеу

Тех. талаптар: көлденең түсірілген, ұзақтығы 30-дан 60 секундқа дейін бейне, сапалы фото немесе сурет.

Бағалау критерийлері: тақырыпты ашу, ақпаратты жеткізу деңгейі, креативтілігі, техникалық орындалуы.

* Ескерту: Instagram-пост мазмұны бойынша сіз таңдаған тіл бөлімшесімен сәйкес келуі тиіс.

Финалдық кезең

IQ-тест (50 мин)

Берілген жағдайлар бойынша кейстерді шешу (50 мин)

Міндетті шарт: онлайн Олимпиаданы қатаң белгіленген уақытта және жеке логин мен парольмен тапсыру, ол 22 сәуірден кейін және алдыңғы жұмыстарды орындағаннан кейін беріледі.

Техникалық талаптар: компьютерде/ноутбукте тестілеуді орындау

IQ-тестті бағалау критерийлері: дұрыс жауаптар саны.

Кейстердің шешімін бағалау критерийлері: құрылымы (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, ой логикасы, шығармашылық, грамматика).

* Ескерту: егер алдыңғы турлардың тапсырмалары ағылшын тілінде орындалса, IQ-тест қазақ немесе орыс тілдерінде тапсырылатын болады (тапсыру тілін қатысушының өзі таңдайды).


Гранттар мен жеңілдіктерді бөлу

3 тур нәтижесі бойынша ең жоғары балл жинаған талапкерлерге 31 грант беріледі. Гранттар барлық мамандықтарға, тілдік бөлімдерге белгілі бір жеңілдіктер мен гранттар санын мектептерге (факультет) бөлмей беріледі.


Жеңімпаздар саны Жеңілдік мөлшері
1 Барлық оқу кезеңіне 100% жеңілдік және Minor бағдарламасына 100% жеңілдік
10 Барлық оқу кезеңіне 100%жеңілдік
10 Барлық оқу кезеңіне 75%жеңілдік
10 Барлық оқу кезеңіне 50% жеңілдік

Гранттар мен жеңілдіктер бүкіл оқу кезеңіне, Олимпиадада жеңіске жеткендігін растайтын университеттің атаулы сертификатының болуы негізінде және үлгерім талаптарының сақталуы ескеріле отырып (университеттің ішкі гранттары мен жеңілдіктері туралы Ережеге сәйкес) беріледі.

  • ОЛИМПИАДАНЫ ӨТКІЗУ ШАРТТАРЫ
  • ТІРКЕУ
  • ҚОРЫТЫНДЫ
  • Олимпиадаға арналған бейне ролик не жайлы болуы керек?
  • Бейне ролик мотивациялық сипатта болуы тиіс. Әр үміткер өзінің жетістігі, қызығушылығы мен марапаттары жайлы айтуы керек. Бейне роликтегі ақпаратта грант/ жеңілдікті қалай жеңіп алуы керектігі туралы айтып, түсіндіруі қажет.
  • Міндетті түрде бейне ролик түсіру қажет пе?
  • Бейне ролик түсіру кезеңі міндетті болып саналады. Бейне ролик түсірмеген қатысушы 3 турға жіберілмейді.
  • Егер менде Инстаграм парақшасы болмаса не істеуім керек?
  • Инстаграм парақшасын ашып, бейне роликті салу қажет.
  • Бейне роликті жіберу керек пе?
  • Бейне роликті жіберудің қажеті жоқ. AlmaU- дағы МегаШанс атты хештекпен өз парақшаңызда жариялап, @almau_edu аккаунтын белгілеңіз.
  • Бейне баянды көрушілер мен қойылған жүрекшелер саны жеңімпаз болуға әсер ете ме?
  • Жоқ, әсер етпейді. Ең бастысы AlmaU- дағы МегаШанс хештегін көрсетіп, өз парақшаңызда @almau_edu аккаунтын белгілесеңіз жеткілікті.
  • Егер мен колледжді аяқтап жатқан болсам, 2 турда (бейіндік пәндер бойынша тест кезеңінде) қандай пәндерді тапсырамын?
  • Сіз таңдаған мамандыққа түсу үшін қажет ҰБТ –дағы бейіндік пәндерді тапсырасыз ( -география, математика; -география, шет тілі; -физика, математика; - тарих, ағылшын; -тарих, а.қ.қ; - оқу сауаттылығы, Қазақстан тарихы, PR таңдаған болсаңыз ).
  • Егер мен қазақ тілінде МегаШанс жазсам, мен ағылшын бөліміне бара аламын ба?
  • Иә, сіз ҰБТ мен Олимпиаданы әр тілде тапсыра аласыз, бірақ егер Сіз Мегашанста грант/жеңілдіктер жеңіп алсаңыз, онда Олимпиадада белгілеген тілде оқи аласыз.
  • Егер мен қазақ тілінде оқығым келсе, барлық олимпиаданы қазақ тілінде жазу керек пе?
  • Олимпиаданың барлық турлары сіз оқуды жоспарлап отырған тілде өту қажет.
  • Эсседе қандай тақырыптар болады?
  • Эссенің 5 тақырыбы МегаШанс Олимпиадасы өтетін күні жарияланады.
  • Егер мен басқа қалада тұратын болсам, келуім керек пе?
  • Иә, міндетті түрде келіп қатысуыңыз қажет. Олимпиада оффлайн түрде университте өтеді. AlmaU Алматы қаласы, Розыбакиев көшесі, 227 ғимаратта орналасқан.
  • Шетелдік азаматтар МегаШансқа қатыса алады ма?
  • Басқа елдің азаматтары грант/жеңілдік алу үшін басқа Megachance байқауына қатыса алады, толық ақпарат біздің ресми сайтта жарияланады.
  • Егер менде басқа елдің азаматығы болса, бірақ мен Қазақстанда мектеп/колледж бітіріп жатсам, бұл байқауға қатыса аламын ба?
  • Бұл жағдайда Сіз шетелдік азаматтығы бар талапкерлер үшін гранттар/жеңілдіктер алу Megachance конкурсына қатыса аласыз , толық ақпарат біздің ресми сайтта жарияланады.
  • Қай уақытқа дейін тіркелуге болады?
  • Электрондық тіркеу 2020 жылғы 11 Ақпан - 22 сәуір аралығында өтеді.
  • Егер мен 22 сәуірге дейін бейне роликті жарияламасам, мен Олимпиадаға қатыса аламын ба?
  • Жоқ, 1-2 тур тапсырмаларын орындау міндетті.
  • Олимпиада нәтижелері қашан жарияланады?
  • Нәтижелер 2020 жылдың мамыр айында жарияланады, жеңімпаздар тізімімен almau.edu.kz сайтында танысуға болады
  • Егер мен грант/жеңілдіктер жеңіп алсам, ҰБТ сертификатының болуы міндетті ме?
  • Иә. Сіз ҰБТ сертификаты болған жағдайда ғана грантты/жеңілдікпен пайдалана аласыз, өту балдары: 140 балдан 55 балдан кем емес және әр пән бойынша 5 балдан кем емес.
  • Грант/жеңілдік қанша жылға беріледі?
  • Грант / жеңілдік ішкі гранттарды сақтау шарттары сақталған жағдайда оқудың барлық кезеңіне беріледі.
  • Гранттан/жеңілдіктерден айыруға бола ма?
  • Иә, ішкі гранттар мен жеңілдіктер туралы Ережеге сәйкес ішкі гранттарды сақтау шарттары сақталмаған жағдайда.