Олимпиаданың нәтижелері

AlmaU, 2005 жылдан бастап жыл сайын талапкерлер үшін "Мегашанс" олимпиадасын өткізіп келеді. "МегаШанс" – 4 жыл көлемінде Алматы Менеджмент Университетінде оқу үшін 100% грант немесе жеңілдік ұтып алуға мүмкіндік береді.

1 қадам

Тіркелу

24 НАУРЫЗҒА дейін
2 қадам

Видео жариялау

24 НАУРЫЗҒА дейін
Олимпиадаға қатысу туралы бейнеролик жазу қажет.
Тақырып: «Мен "МегаШанс AlmaU 2019-ға" қатысамын, маған сәттілік тілеңіздер!»
Instagram және ВКонтакте- әлеуметтік желілерінде #мегашансAlmaU хэштегімен бейнероликті өз профиліне қою керек.
Сондай-ақ университеттің @almau_edu ресми аккаунтын жазып көрсету қажет.
Бейнероликке қойылатын тех. талап: ұзақтығы 1 минутқа дейін болуы тиіс.

3 қадам

Олимпиаданың турлары

31 МАРТА
1. Эссе
2. 2. ҰБТ/КТ екі бейіндік пән бойынша тест жазу
(география – математика, география-шет тілі, тарих және т.б.)
3. IQ тест

ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР

Бейне ролик мотивациялық сипатта болуы тиіс. Әр үміткер өзінің жетістігі, қызығушылығы мен марапаттары жайлы айтуы керек. Бейне роликтегі ақпаратта грант/ жеңілдікті қалай жеңіп алуы керектігі туралы айтып, түсіндіруі қажет.
Бейне ролик түсіру кезеңі міндетті болып саналады. Бейне ролик түсірмеген қатысушы 3 турға жіберілмейді.
Инстаграм парақшасын ашып, бейне роликті салу қажет.
Бейне роликті жіберудің қажеті жоқ. AlmaU- дағы МегаШанс атты хештекпен өз парақшаңызда жариялап, @almau_edu аккаунтын белгілеңіз.
Жоқ, әсер етпейді. Ең бастысы AlmaU- дағы МегаШанс хештегін көрсетіп, өз парақшаңызда @almau_edu аккаунтын белгілесеңіз жеткілікті.
Сіз таңдаған мамандыққа түсу үшін қажет ҰБТ –дағы бейіндік пәндерді тапсырасыз.
Жоқ, сіз басынан бастап оқитын бөлімді таңдауыңыз қажет.
Иә, сіз ҰБТ-ны және МегаШанс Олимпиадасын әртүрлі тілде тапсыра аласыз. Егер сіз МегаШанста грант/жеңілдік ұтып алсаңыз, Олимпиадада көрсеткен бөлімде оқитын боласыз.
Эссенің тақырыбы МегаШанс Олимпиадасы өтетін күні жарияланады.
Иә, 3 тур бір күнде өткізіледі – 31 наурыз күні, таңғы сағат 9.00-де басталады.
Жоқ, Олимпиаданы тікелей түрде университетке келіп тапсыру керек. AlmaU Алматы қаласы, Розыбакиев көшесі, 227 ғимаратта орналасқан.
Иә, міндетті түрде келіп қатысуыңыз қажет. Олимпиаданы университетке келіп тапсыру керек. AlmaU Алматы қаласы, Розыбакиев көшесі, 227 ғимаратта орналасқан.
Басқа елдің азаматтары грант/жеңілдік алу үшін басқа Megachance байқауына қатыса алады, толық ақпарат мына сілтемеде: https://bit.ly/2TWLpcE
Бұл жағдайда сіз шетелдік азаматтарға арналған басқа Megachance байқауына қатыса аласыз, толық ақпарат келесі сілтемеде көрсетілген: https://bit.ly/2TWLpcE
Тіркелу 24 наурыз күнгі сағат 23:59-ға дейін ашық.
Қатыса аласыз, бірақ бұл жағдайда бейне роликті жібермеген қатысушыға 2 турдың балы берілмейді.
Олимпиада нәтижесі 1 мамырға дейін дайын болады, жеңімпаздардың тізімі almau.edu.kz сайтында жарияланады.
Эссені қай тілде жазсаңыз, сол тілдегі (қазақ, орыс, ағылшын) бөлімде оқитын боласыз, бейіндік пәндерден тест тапсыру және IQ тесті шешу кезінде басқа тілдерді қазақ немесе орыс тілдерін таңдай аласыз (тапсыруға ыңғайлы болған тілде).
Грант/жеңілдік бойынша оқу барлық кезеңге 4 жылға беріледі, тек қана ішкі гранттар туралы талаптарды орындау қажет.
Иә, сізде міндетті түрде ҰБТ сертификатында 140 балдың 55 шектік балы болуы керек және әр пәннен 5 балдан кем болмауы тиіс.
Иә, ішкі гранттар жайлы шарттарды орындамаған жағдайда айырылып қалу мүмкін.

Барлубаева Анель. 1 курс, AlmaU:


Барлықтарыңызға сәлем! Менің атым Анель, мен Almaty Management University студентімін. Мен «МегаШанс» олимпиадасының жеңімпазы болғандықтан университетте грантта оқып жатырмын. Мен Петропавловск қаласынан келдім.
Мен 11-сыныпта оқып жүрген кезімде ата-анаммен ақылдасып шетелде оқимын деп шештім. Құжаттарымды дайындай бастадым, бірақ қыста 11-сыныпта біз Алматыға әр түрлі университеттерді көру үшін келдік. Қаланы аралап 7-ден астам университетті көрдік, ең соңғысы Almaty Management University болды. Мұнда келгенде Дарья Крыловадан толық ақпарат, кеңес алған соң, осында білім алғым келеді деп шештім. Ол маған жыл сайын өткізілетін "МегаШанс" олимпиадасы туралы айтып түсіндірді. Болашақ мамандығым ретінде "қоғаммен байланыс" факультетін таңдадым!
Мен ақпан айынан бастап дайындала бастадым. Интернеттен түрлі бизнес кейстерді алып, оларды шешуді үйрендім, болашақ мамандығым туралы көп оқыдым.
Көптен күткен олимпиада күні де келіп жетті. Уақыт өте жылдам өтті және тестіден қалай шыққанымды да өзім түсінбей қалдым. Бұл өте оңай болды деп айта алмаймын, бірақ адам дайындалса, барлық тапсырмалар қиын емес еді. Егер қазірден дайындалып оқысаңыз, онда сіз міндетті түрде 100% грантты аласыз. Соңғы қоңыраудың алдында маған университтен хабарласып, жеңісіммен құттықтаған күн менің ойымда. Бұл керемет сезім!
Әрбір талапкерге осы олимпиадада өзін сынап көруге кеңес беремін, себебі бұл грант алу үшін тамаша -керемет мүмкіндік. Ең бастысы қобалжымау керек және ойыңды жинақтау! Кез-келген адамға қандай да бір мақсатқа ұмтылу өте маңызды. Сіз алдыңызға дұрыс мақсат қойып соған жеткеннен кейін, шешім қабылдау оңай және жеңіл болады.

Салыкова Эльвира. 1 курс, AlmaU:


Менің атым Салыкова Эльвира, мен Тараз қаласында №40 гимназияда оқыдым. Мен география, математика, әдебиет, шет тілі бойынша түрлі олимпиадаларға, конкурстарға қатыстым. Сонымен қатар шахмат, волейбол, гитарада ойнаумен айналыстым.
Болашақ мамандығымды таңдау кезінде мен үшін басты талап: келешек кәсібім сұранысқа ие және заманауи түрде беделді болуы тиіс еді. Сонымен қатар, мен география мен математиканы жақсы көретіндіктен, мен осы сабақтарды бейінді пән ретінде таңдадым. Аталған шарттарды ойластыра отырып, мен қаржы мамандығын таңдадым.
AlmaU университеті туралы мен бұрыннан білетін едім, өйткені мұнда менің мектептегі таныстарым оқитын. Мамандық таңдауда менің ойымда бұл университет болды және уақыт өткен сайын мен осы оқу орны туралы жақсы пікірлер ести бастадым, осылайша мұнда оқуға деген қызығушылығым артты. Университеттің барлық рейтингтері мен аккредитацияларын көргеннен кейін мен осы университетке түскім келеді деп шешім қабылдадым.
Мен МегаШанс байқауы туралы достарымнан, сондай-ақ Инстаграмдағы хабарландырудан оқып білдім. Менің дос қызымда AlmaU-ға түскісі келгендіктен, біз бірге бағымызды сынап көрейік деп шештік. Олимпиада 4 кезеңнен тұрды: эссе, IQ тест, жағдаяттық кейстерді шешу және бейіндік пәндер бойынша тест тапсыру. Мен математика және география пәндерінен тест жаздым. Жалпы мен үшін өте күрделі болған жоқ, тек тапсырмаларға дайындалып, ойланып жауап беру керек болды.
Мектеп бітіруші түлектерге айтар ең басты кеңесім-ҰБТ туралы ғана ойлап қоймай, басқа да байқауларды қарастырған дұрыс. Денсаулықты сақтап, үнемі дамып ілгері жылжып, оқу қажет. Ал олимпиадаға қатысуға өтініш бергендер үшін сәттілік тілегім келеді және өзіңізге сеніңіз, қолыңыздан бәрі келеді.